ЕХРО 2017 көрмесіне 6 мың ерікті дайындалады

2017 жылы елімізде ЕХРО халықаралық көрмесі мен Бүкіләлемдік универсиада ойындары өтетіні белгілі.

Осыған орай дүниежүзілік дүбірлі шараға еріктілерді дайындау мәселесі де қолға алына бастады. Қазақстанның әр аймағындағы белсенді топ өкілдері бүгін Астанаға жиналып, «Туған өлке» атты еріктілер слетінде бас қосты. Арнайы мамандар «ұлттық волонтерлік желі» командааралық қарым-қатынас және жұртшылықпен жұмыс істеу тақырыбында дәрістер өткізіп, шеберлік сабағында өзара тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ЕХРО-2017 көрмесіне 6 мың ерікті дайындалуы тиіс. Шетелдік қонақтар елімізді осы еріктілер көзімен көріп, етене танып-біледі. Сондықтан волонтерлік желіні дамыту маңызды міндеттің бірі болмақ. Слет аясында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің «еріктілер кодексі» қабылданды.

Айдын Сабитов, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры:

- Бірінші мақсатымыз – жастарды жинау. Жастарды мына командалық жүйеде қалай жұмыс істеу керек, соны үйрету, жалпы «еріктілік деген не?» деген тақырыпта, онан бөлек топтарды басқару мәселесінде кішкене тәлім-тәрбие беру болып табылады.