ЕХРО-2017 көрмесінде Ватикан павильоны болады

Ватикан «Жалпының игілігіне арналған энергия: Біздің ортақ үйімізге деген қамқорлық» тақырыбымен EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын болды.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы рим-католик шіркеуінің басшылығы хабарлады. Павильонға келген әрбір адам Жаратушының адамзатқа тартқан сыйы энергия әлеміне саяхат жасап, рухани дүниесін байытады. Экспозиция энергияны ұтымды пайлану, «бейбіт атом», қоршаған орта және пайдалы да қауіпті саналатын ресурстарды кәдеге жарату мәселелеріне арналмақ.

Питер Тарксон, ЕХРО-2017 көрмесіндегі Ватикан секциясының бас комиссары:

- Адамзатқа ортақ жаһандық шараларды өткізуге біз де қолдан келген көмегімізді көрсетіп, қолдағымыз келеді. Біз де озық технологияларға қызығушылық танытып отырмыз. Мысалы, Ватикандағы үлкен мәжіліс залының шатыры күн батареяларымен жабдықталған.