loader


Қарағанды жастары дәстүрлі құндылықты қолдайды

Қарағандыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Жастар және дәстүрлі құндылықтар» деген тақырыпта форум өтті.

Игі шараға студенттер, қоғамдық ұйым жетекшілері, ғалымдар мен дін өкілдері қатысты. Форумға қатысушылар кейінгі жылдары жастардың атадан балаға мирас болған мол мұрадан аулақтай бастауына алаңдаушылық білдірді. «Дәстүрлі дініміз бен салтымыздан жаңылып жатқандар аз емес», - деді жиналғандар.

Ержан Хамитов, Қарағанды экономикалық университетінің студенті:

- Біздің ата-бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз, салт-дәстүрлеріміз, ұстанымдарымыз, осылардың барлығы жойылып бара жатқандықтан, жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау біздің парызымыз, білу міндетіміз деп білеміз. 

Сондай-ақ...