Бес реформа белестері. Инновациялық кластерлерді дамыту

Назарбаев Университеті инновация мен білімнің халықаралық орталығына айналуды мұрат тұтқан оқу ордасы. 2012 жылы Елбасы өз Жолдауында университет төңірегінде инновациялық-интеллектуалдық кластер құруды тапсырды. Бұл дегеніміз инноваторларға қолайлы жағдай жасау, технологиялық зерттеулерге инвестиция тарту, сондай-ақ ғылым мен бизнес арасында байыпты байланыс орнату деген сөз. Ұлт жоспарындағы міндеттер отандық ғылымның дамуына тың серпін әкеледі. Былтыр тиісті заң қабылданып, соның аясында нақты істер қолға алынды. Ең бастысы ғалымның ынтасы оянып, бизнестің ғылымға деген көзқарасы өзгеруі тиіс.