Абайлаңыз, импорт! Жылы байпақты бірге таңдайық

vebaydinga.com

Осыдан ондаған жыл бұрын байпақтар ауыл өмірімен байланыстырылатын. Ал бүгінде бұл аяқкиім үлгісі дизайнерлер мен сәнқойлар қалаған нағыз қысқы трендке айналды. Әрине оларды бұрынғылармен салыстыруға мүлдем болмайды. Себебі киізден жасалған олар заманауи үлгідегі озық технологиялармен әзірленеді. Бүгінде байпақтың дүкен сөрелерінде өрнектелген, моншақтар тағылған өте әдемі түрлері көп. Ендеше қыстың суық күндері аяғымызды жылы ұстап қана қоймай, сәнді көрінуге де мүмкіндік беретін оларды қалай таңдаймыз?