EXPO көрмесіне жастар да атсалыспақ

Алып кәсіпорындардағы реакторлар мен катализаторлардан шығатын шаң-тозаң мен улы газдар ылғалды әдіспен тазаланады.

Ал кәдімгі төрт түліктің қиынан биоэнергия мен жылу өндіріледі. Бұның барлығы шымкенттік жас ғалымдардың ойлап тапқан тың жобалары. Өңірдегі оңтүстік туристік орталығында ұйымдастырылған «EXPO жастар көзімен» атты көрмеге баламалы қуат көзі болып табылатын осындай 9 жоба қойылды. Экоаялдама мен этносаяжолды безендіруде өнертапқыштар негізінен ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолданған. Ал оны жарықтандыруға баламалы қуат көзін пайдаланады. Жас ғалым Ерболат Әбдіразақтың желдің екпінінен қуат өндіретін айналмалы қалақшасы шағын бір үйге жарық береді. Енді ұстазы екеуі жер астынан шығып жатқан ыстық судан электр энергиясын өндіруді қолға алған. Бұл жобаны EXPO көрмесіне ұсынбақ.

Ерболат Әбдіразақ, өнертапқыш:

- Біздің желіміз қатты айналған сайын электр энергиясы жарығын күшейте түседі. Мұны қолдану өте тиімді. Төрткүлде, Созақ аудандарында қолданған дұрыс.Ол жерлер таулы аймақ желі көп болады.