Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева 2-ші дәрежелі Достық орденімен марапатталды.
Бұған дейін де бірқатар марапатқа ие болған Роза Қуанышқызына мұндай сый-құрметті Мәдениет және спорт министрі табыстады. 40 жыл сахнада ән шырқап, талантымен талайды тамсандырған танымал тұлға, халқымызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
- Ерекше сезім. Себебі, 25 жылдық тәуелсіздікті тойлау алдында мынау сахнада тұрып, өзімнің әріптестерімнің алдында министрдің қолынан осындай орден алдым. Жалпы 40 жыл бойы тек қазақ сахнасында ғана емес, кез-келген сахнада халықаралық деңгейде достықты, Отанды, бірлікті, үлкен сезімді шырқап келе жатырмын. Ондай әндер менің репертуарымда бірінші қатарда тұрады.
