loader


Ертіс-Баян өңірі ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлап жатыр

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын Ертіс-Баян өңірі де тойлап жатыр.

Жүзден астам ұлт пен ұлыстың құтты мекеніне айналған Ертіс өңірінде ән мен жырдан шашу шашылып, түрлі спорттық сайыс өтуде. Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында «Мәңгілік ел» атты мерекелік концерт басталды.

Халықтың көңіл-күйі тамаша. Бүгін қазақ даласын шаттық кернеген ерекше күн. Еліміздің төл мерекесі облыстың түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Этномәдени бірлестік өкілдері мерекенің көркін қыздыра түсуде. Бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен барлық ұлт үшін бұл күннің мәні зор, мағынасы терең. Өнерсүйер қауым Естай атындағы қалалық мәдениет сарайына жиналған. Облысымызға кеңінен танымал, халықаралық деңгейдегі байқауларда топ жарған үздік өнер ұжымдарының бәрі осында. «Ертіс-Баян» әуендері атты ардагерлер хоры, «Сәулетай» балалар вокалды ансамблі, Достық үйінің «Қоғамдық келісім» ансамблі өнер көрсетіп жатыр. «Вернисаж» сән театры жаңа топтамаларын көрермен назарына ұсынды. Осылайша дархан даламыз, көркем табиғатымыз, бейбітшілік пен тұрақтылық, еліміздің жеткен жетістіктері ән мен жырға арқау болды. Мерекені тойлап жатқандар бір-бірін құттықтап, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын деген тілектерін айтып жатты.

Бүгін спорттық сайыстар да көптеп ұйымдастырылған. Таза ауада демалғанды қалайтын қала тұрғындары үшін облыс орталығында бірнеше шаңғы роллерлік трасса, 60-қа жуық мұз айдындары жұмыс істеп тұр. Мерекелік шаралар барлық мәдени орындарында өтіп жатыр. Өндірісті өлкеде бүгін тағы бір ірі сауда-ойын-сауық кешенінің тұсауы кесілді. Тәуелсіздіктің құрметіне қала жергілікті кәсіпкерлер осындай сый жасады. 

Сондай-ақ...