Келіссөз. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы көздеген межесін орындай алды ма?

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасының мықтап қалануына әр азамат өз үлесін қосуы міндет. Әсіресе келешектен үміт күттірер жастарымыздың белсенді болуы маңызды. Осы орайда Тәуелсіздік алғаннан бергі білім саласындағы ұтымды жобалардың бірі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы болды. Бүгінде ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қатарын азайту мақсатында қолға алынған жобаның нәтижесі қандай? Қаладан шалғай орналасқан елді мекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма?