Ақылды қала. Жеке куәлік қалай жасалады?

Бүгінде жеке куәліксіз ештеңе істей алмайсыз. Мемлекеттік мекеме, қонақүй, басқа да ғимаратқа кіру үшін қызметкерлер сізден жеке куәлігіңізді талап етеді. Оны Қазақстан азаматы 16 жасқа толғанда жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығынан еш қиындықсыз ала алады. Бүгінде олар ID-1 форматындағы пластикалық карточка түрінде шығарылады. Сіз жеке куәлігіңіздің қалай жасалатынын ойлап көрдіңіз бе? Ендеше бүгінгі бағдарламада біз сол сауалға жауап береміз.