Құрылыс жобасы. EXPO аумағындағы тұрғын үйлер құрылысы

EXPO қалашығы Астанадағы көрікті орындардың біріне айналмақ. Мұнда қазір соңғы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Болашақтың энергиясына арналған көрмеге Қазақстан тарапы дайын дейді мамандар. Мұнда тіпті құрылыс барысында да «жасыл» технологиялардың көптеп қолданылып жатқаны белгілі. Қалашық құрылысы мен оның аумағындағы тұрғын үйлер жайлы бүгінгі бағдарламада толығырақ тарқатамыз.