Қазақстанда жасалған. Пластикалық карталар өндірісі

Ең алғаш несие карталары XIX ғасырда АҚШ-та шығарылды. Алайда оның теориясы тек 1914 жылы ғана АҚШ мұнай компанияларының бірінде жүзеге асты. Содан бері бірнеше өзгеріске ұшыраған олар бүгінде заманауи электрондық есеп айырысу құралы ретінде кез келген адамның әмиянында жүреді. Қазақстан да әлемнің өзге елдері секілді контактісіз төлем карталарын өндіру индустриясын дамытуды қолға алған. Ендеше бізде олар қалай дайындалады?