Бес реформа белестері. Жекеменшік сот орындаушылар институтын дамыту

2005 жылы судьялар съезінде Елбасы Жеке сот орындаушылар институтын құру жөнінде бастама көтерген болатын. Одан бері көп уақыт өте қоймаса да біраз шаруа атқарылды. Сөзімізге мына мәліметтер дәлел. 2011 жылы Қазақстанда бар-жоғы 142 жеке сот орындаушы болса, қазір 1400-ге жуықтаған. Ал олар өндірген қаражат осы уақыт аралығында 8 есеге ұлғайып отыр. Бұл әрине жұмыстың тиімділігін көрсетеді. Қарқынды дамудың сыры неде?