Ақылды қала. Kundelik.kz әлеуметтік инновациялық жобасы

Бүгінде еліміздегі мектептер электронды жүйеге ауысып жатыр. Яғни білім ошақтары қағазбастылықтан арылады. Мұғалімдер бұрынғыдай журнал толтырып, оқушылар күнделіктеріне сабақ кестесін және үй тапсырмаларын жазып жүрмейді. Енді ол жұмыстардың барлығын электронды түрде атқаруға болады. Қазақстандық өнертапқыштар kundelik.kz сайтын ойлап тапты.