Абайлаңыз, импорт! Жеуге жарамды душқа арналған гельді естуіңіз бар ма?

Тұтынушыны қалай таң қалдыруға болады? Бұл жүздеген жылдар бойы көптеген тауар өндірушілерді мазалайтын басты сауал. Душқа арналған гель жасайтын кәсіпорындарда олардың көңілінен шығу үшін тауардың атауын, түсін, иісі мен құрылымын жиі өзгертеді. Мұндайда маркетолог мамандардың көмегі қажет болады. Осы орайда шетелдік өндірушілер әдетте жуынуда қолданылатын гельдің тіпті жеуге жарамды түрін ойлап тапқан. Ерекше гельдер саудаға да шығып үлгерді. Бүгін біз душқа арналған гельдерді саралап, сапасын бақылап көреміз.