БАҚ өкілдеріне Қытай мен Австрияның павильондары таныстырылды

Фото: EXPO-2017 Астана

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық қызу. Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Қытай мен Австрияның павильондары таныстырылды.

Өзірге онда ішкі безендіру жұмыстары жүріп жатыр. Екі мемлекетте «жасыл» экономика болашақ энергиясы екендігін толық қолдайды. Мәселен, Австрия 2030 жылға қарай баламалы энергия көздеріне көшуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта күн, жел, су, электр станциялары энергетикаға деген қажеттіліктің 25 пайызын жабады. Көрмеге аса қызығушылық танытып отырған тағы бір мемлекет Қытай. Аспанасты елі алғашқылардың бірі болып көрмеге қатысуға ниет білдірген. Ол да тегін емес. «Жасыл» экономикаға қытайлықтар да аса ынталы. Биоотын өндіруде Қытай әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орын алады. «Жасыл» энергетиканы өндіруде инвестиция аз кетеді. Бірақ жердің ресурстары шығындалады. Қытай жағы соған байланысты бірқатар жоба мен жаңа технологиялар ұсынатын болады.

Дже Джие, ҚХР халықаралық сауда палатасының директоры:

- Біздің павильонның аумағы мың шаршы метрден асады. Біздің еліміздің өзінен мұнда мыңдаған турис келеді. Өз еліміз сіздердің елде өтетін «ЭКСПО» жайында арнайы бейнероликтер дайында көрсетіп жатырмыз. Бізді көрмеге қатысушы елдердің дайындығы, олар ұсынатын жұмыстар қатты қызықтырады. Көрме өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады деген сенімдемін.