Ақылды қала. Ақылды күзет жұмысы

Осы күні мамандар үйіңізді немесе кеңсеңізді ұрлықшылардан сақтау үшін смарт-аппараттар ойлап тапты. Қазір аталмыш құрылғылар шаһарымыздың біраз нысандарында орнатылған, ал ол жабдықтар бір орталыққа негізделген. Үйге бөтен адам кірген жағдайда смарт-құрылғылар бірден диспетчерлік орталыққа белгі береді. Содан кейін операторлар күзет қызметкерлерін сіздің үйіңізге жөнелтіп, ұрлықшыны ұстайды.