Оңтүстіккореялық еріктілер Астанаға аттанды

Бүгін Оңтүстік Кореядан 30-дан астам ерікті Астанаға жол тартты.

Олар ЕХРО-2017 көрмесінде оңтүстіккореялық павильонда жұмыс істейтін болады. Еріктілер үш ай бойы елінің «жасыл» экономика саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетіп отырады. Корей павильоны қызметкерлерінің орта жасы – 20 жас. Еріктілер бір айдан астам уақыт бойы қазақ және орыс тілдеріндегі қажетті сөз тіркестерін оқып, павильонға қатысты мәселелерді қарап келді. 

Олжас Раев, Корея Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің арнайы кеңесшісі:

- EXPO бойынша корей компаниялары мен туристерін тарту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Көрмеге санаулы күн қалды. Бірқатар ірі компания шараға қатысатынын растады. Корей павильонының өте мазмұнды болатынына сенімдіміз. Бұл сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға үлкен серпін береді.