Германиядағы басылым қазақ жеріндегі ЭКСПО туралы жазды

Қазақстан шикізат моделінен кетіп, жасыл экономикаға баса көңіл бөліп отыр.

Ал ЭКСПО жобасы  инвесторлар мен кəсіпкерлерді тарту, сондай-ақ ең үздік технологиялар мен инновациялар үшін де жақсы мүмкіндік болып табылады. Бұл туралы неміс баспасөзі «Ост Контакт» «ЭКСПО-2017: Қазақстан болашақ жолында» атты мақаласында мәлімдейді. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасыл экономикаға ерекше көңіл бөледі. Қазақстан жаңартылатын энергетика саласында үлкен əлеуетке ие. Неміс сарапшыларының айтуынша, елдің үлкен аумағы мен ауа райының жағдайы, шуақты күннің жылына бір рет 500 сағат тераватт электр тоғын өндіруге мүмкіндік береді. Жел фермалары сағатына 110 тераватт əкелуі мүмкін, ал cу электр станциялары жел саябағына қарағанда 6 есе көп».