EXPO көрмесінде Түркияның ұлттық павильоны ашылды

ЭКСПО көрмесіндегі Түркияның ұлттық павильоны елге өз есігін ашты. Ғимараттың жалпы аумағы – мың шаршы метр. Бауырлас елдің өкілдері барлық келушіні «Жаһандық синергия» тақырыбында әзірленген экспозициялармен қайран қалдырмақ.

Жұртшылық назарына Түркиядағы барлық минерал көрсетіліп, баламалы энергия саласындағы жаңа технологиялар ұсынылады.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- «Кел және өз қуатыңды тап». Түркия павильонының басты тақырыбы осылай аталады. Жаңа ғана ашылған бауырлас елдердің павильонына келушілер қатары көбейді. Мұндағы жаңалықтардың барлығын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда Анадолы табиғаты интерактивті түрде көрсетілген. Менің өзім қазір теңіздің үстімен келе жатқандай күй кешіп тұрмын. Қазір су диірменінің есігінен өтеміз. Мына велосипедті қозғау арқылы адамның күші диірменді жылжытады. Яғни қозғалтқыш күші арқылы энергия өндіруге болады. Ал мұнда жылу камералары орналасқан. Камераны бассаңыз, адам жылуы арқылы экранға сұлбаңыз шығады.