EXPO-2017 көрмесіне күніне шамамен 31 мыңдай адам келеді

Соңғы бір апта ішінде EXPO-2017 қалашығын 218 мыңға жуық адам келіп тамашалады. Бұл орта есеппен алғанда күніне – 31 мың 104 адам көрме қонағы болды деген сөз.

Ал  EXPO-2017  басталған 10 маусымнан бергі көрсеткіш 592 мыңға жуықтады. Жұрт тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болған нысандардан  «Нұр Әлем» көш бастап тұр. Онан әрі тематикалық павильон және «Дю Солей» циркі.

Қауіпсіздік мәселесіне келсек, көрме аумағында «Вокорд» жүйесі жұмыс істеп тұр. Соның көмегімен өткен аптада EXPO-2017 қалашығына билетсіз өтпек болған 12 адам анықталды. Мұнан бөлек дрон аппараттарын заңсыз ұшырмақ болған 4 адамның әрекетіне тосқауыл қойылды.