ЭКСПО көрмесінің бір айлық қорытындысы жасалды

Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің алғашқы айы артта қалды. Маусымның 10-ы күні өз есігін айқара ашқан қалашық аумағына мыңдаған мейман келіп, энергетика саласындағы соңғы бастамалармен танысып үлгерді. Дүниежүзілік шараны ұйымдастырушылар алғашқы 30 күнде атқарылған оңды істерін қорытындылап, алдын ала нәтижелерін жариялады.

Бейбіт Қарымсақов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры:

- Еліміздің басқа аймақтарынан келді. Ұйымдастырылған топтармен келді, оның ішінде 17700-і балалар болды. Негізі адамдар Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарынан келді. Біздің есеп бойынша көрмеге 130 мыңға жуық шетел азаматы келді. Бұл келуішлердің 14 пайызын құрайды. Ресейден 35 жарым мың адам, Германиядан 19 мың адам, Қытайдан 11 жарым мың адам келді. ЭКСПО кезіндегі ашық аспан режиміне байланысты елімізде 21 әуе компаниясы 28 бағытта жұмыс істеп жатыр. Аптасына 166 рейс келеді. Мәліметке сәйкес, қаладағы қонақүйлерге меймандар 60 пайызға дейін қоныстанған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық. Бір ай ішінде көрмеде 1031 ойын-сауық және іскерлік шара ұйымдастырылды. Ел, үкімет басшылары, комиссарлардың қатысуымен 84 хаттамалық іс-шара іске асырылды. 1 маусым-10 шілде аралығында жеңілдетілген 2 акция ұйымдастырылды. Билеттің тағы бір түрі енгізілді. Жалпы көрме штаттық режимде жұмыс істейді. Көрме кезінде ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ.