Танымал британдық басылым Астана туралы мақала жазды

Әлемдегі сәулет және дизайн саласында ең танымал әрі беделді басылымның бірі британдық DeZeen (Дезин)  журналы еліміздің бас қаласы - Астана туралы мақала жариялады.

Авторы Пауль Рафтери Астанаға сапарында қаланың көрікті жерлерін суретке түсіріп, көрген-білгенімен бөліседі. Мақала иесі ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанға әлем назарын аударғанын және Астананың бұрынғы кеңестік қалалардан өзгеше әрі әсем екенін атап өтеді.