«АрМИ-2017» әскери ойындарының қатысушылары ЭКСПО-ны аралады

«АрМИ-2017» халықаралық әскери ойындарының қатысушылары ЕХРО-2017 көрмесімен танысты.

17 елдің өкілі «Нұр Әлем» павильонын бастан аяқ аралап шықты.

Айта кетейік, дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған 400 әскери бірінші тамыздан бері Отардағы додада өзара сайысып жатыр. Елдер арасындағы бірлікті бекемдеп, ынтымақты арттыруда бұл халықаралық шараның маңызы зор.

Мэди Мурулас, Зимбабве елінің өкілі: 

- Халықаралық көрмені тамашалауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Шараның ауқымдылығы, ұйымдастырылуы, павильондар мені қатты таңқалдырды. Әскери ойындардың арқасында өзге елдегі әріптестермен танысып, тәжірибе алмасып жатырмыз. Осы байланыстың үзілмеуін тілеймін.