Қырғызстан EXPO көрмесі шеңберінде ұлттық күнін тойлады

Қырғызстанның баламалы қуат көзін пайдалану әлеуеті елдегі жалпы электр энергиясының 50 пайыздан астамын қамтуға қауқарлы.

Алайда республиканың техникалық мүмкіндігін, әлеуметтік және экологиялық жағдайын ескерсек, бұл көрсеткіш бүгінде небәрі 10 пайызды құрап отыр. Қырғызстан павильонына келушілер республикада жүзеге асырылып жатқан өзге де тың деректермен танысты. Бүгін тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай айыр қалпақты ағайын ЭКСПО көрмесі шеңберінде ұлттық күнін тойлады. Арнайы сахнадан бастау алған мерекелік шара «Жібек Жолы плазасына» дейінгі шерумен жалғасты. Одақтас елдер арасындағы сауда айналымы былтыр 577 млн АҚШ долларын құрады.

Еске сала кетейік, Қырғызстан Республикасы су энергетикасындағы мүмкіндігі жағынан ТМД елдері арасында Ресей мен Тәжікстаннан кейінгі үшінші орында келеді.

Марат Шаршекеев, Қырғызстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы:

– Қырғызстан халқының тең жартысы таулы аймақтарда тұратынын ескерсек, баламалы қуат көзін дамыту саласында аздаған қиындықтардың барын жасыра алмаймыз. Қарқынды жел екпіні тек 2-ақ өңірден өтеді. Десек те осындай күрделілікке қарамастан, «жасыл экономикаға» ден қойып келеміз. Мысалы, былтыр германиялық компаниялардың бірімен күн панельдерін шығаратын зауыт салдық. Өнімімізді ТМД елдеріне экспорттап келеміз.