В.Макки: Ақтауда энергетикалық автономды аумақ жобасының іргетасы қаланады

ЭКСПО – серіктестіктің жаңа белесі.

Астанадағы көрмеге қатысқандар мен бизнес өкілдері өз сенімдерінің ақталғанын айтып жүр. Вальтер Макки – Италиядағы ауқымды инженерлік компанияның жетекшісі. Ол ЕХРО көрмесінде Smart city жобасын таныстырған болатын. 120 мың тұрғыны бар жаңа энергетикалық автономды аумақ жобасы Ақтау қаласына арнап әзірленген. «Италия павильонында орналасқан «Ақылды қаланың» жобасы көрмеге келушілер мен билік өкілдерінің қызығушылығын тудырды», – дейді сәулетші.

Вальтер Макки, BM STUDIO компаниясының техникалық директоры:  

- Жобаны жүзеге асыруға ниетті компаниялармен келісімге қол қоюымыз керек. Ең бастысы, қазақстандық билік пен инвесторлар бұл жобаны қолдап отыр. Жұмысымыз алдағы айларда жандануы тиіс. Сонымен қатар жыл соңына қарай Ақтау қаласының аумағында жобаның іргетасы қаланатын болды.