Грузиялықтар ЕХРО 2017 көрмесінен алған әсерімен бөлісті

Тбилисиліктерге Қазақстан павильоны ерекше әсер қалдырған көрінеді.

Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі өз мемлекетінің қатысқанына дән риза.

София Агапишвили, ЕХРО көрмесін тамашалаушы:

– Көрме аумағына өткен бетте, алып шар үлгісіндегі нысан көзіме оттай басылды. Көрме төңірегіне аяқ басқанда, мұндағы әлем бірнеше жыл алға жылжып кеткендей әсер қалдырды. Кейін ол Қазақстан павильоны екенін білдім. ЕХРО қалашығын аралап жүріп, Грузия павильонын кездестірдім. Туған елімнің де ауқымды шараға қатысып жатқанына қуанып, кеудемді мақтаныш кернеді. Көрмеден алған әсерімнің біраз уақытқа дейін ұмытылмасы анық.