Татьяна Супрун: EXPO-ның жабылу салтанатынан керемет әсерге бөлендім

EXPO 2017 көрмесінің жабылу салтанатына бар күшін салған ұйымдастырушылардың кәсіби біліктілігі іс-шараны жоғарғы деңгейде өткізуге мүмкіндік берді. Көрменің соңғы күнін көгілдір экран арқылы тамашалаған украиндық көрермен осындай пікірде.

Татьяна Супрун, Киев тұрғыны: 

- Жабылу салтанатының ауқымдылығы, жарқындығы керемет әсер қалдырды. Экран арқылы байқағаным, айтулы сәтті тамашалауға 20-ға жуық мемлекет басшысы мен өзге де сыйлы қонақтар қатысты. Машақаты көп шаруа болса да, ұйымдастыру комитетінің қолынан келді деп есептеймін. 115-тен астам мемлекет қатысқандықтан, бұл жерде тәртіп пен үйлесімділіктің ролі ауқымды. Қауіпсіздік шаралары да жоғарғы деңгейде жүзеге асырылған.