Ақылды қала. Құқық қорғау органдары қызметтерінің орталығы

Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында құқық қорғау органдарына қатысты арнайы тармақ бар. Онда осы саладағы қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығы жайында айтылған. Осы мақсатпен Бас прокуратура арнайы қызмет түрін ашқан болатын. Ол «Құқық қорғау органдары қызметтерінің орталығы» деп аталады.