Сеулде EXPO 2017 халықаралық көрмесіндегі Корея павильонының көшірмесі ашылды

EXPO 2017 әлі де өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Бірақ Астанада емес, Оңтүстік Кореяда. Дәлірек айтқанда, Сеулдің ең ірі көрме орталықтарының бірінде EXPO 2017 халықаралық көрмесіндегі Корея павильонының көшірмесі ашылды. Осында мыңдаған оңтүстіккореялық Қазақстанмен және EXPO-мен танысып жатыр.

Сеулдегі Корей павильонның алды EXPO 2017 стилінде жасалған. Қонақтарды Астана көрмесінде үш ай бойы жұмыс істеген гидтер қарсы алады. Олардың бірі – Ку Ду Вон. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі EXPO-ның арқасында қазақ және орыс тілдерін аздап меңгере бастапты.

Ку Ду Вон, EXPO 2017 еріктісі:

– Үш айдың ішінде мен өмірлік қосағыммен таныстым. Ол Қытай павильонында жұмыс істеді. Ең үлкен «Ңұр Әлем» атты қазақстандық павильон есімде қалды. Көрмені жақсы ұйымдастырғансыздар.

Павильонда қонақтар Қазақстан және Астанада өткен көрме туралы ақпарат алады. Осында анимациялық фильмді көруге және болашақ қуаты туралы ойынды ойнауға болады.

Ли А Джонг, көрмеге келуші:

– Менің білуімше, Қазақстан – бізден алыс және қарқынды дамып жатқан ел. Көрмеге келіп, бізге баламалы энергия керек екендігін білдім, өйткені қоршаған ортаны ластап жүрміз.

EXPO 2017-нің Корея павильоны Сеулде жиырма 7 қарашада жұмысын бастады және ол 31 желтоқсанға дейін ашық болады. Күнде мұнда шамамен сегіз жүз адам келеді. 

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён