АЭФ: «Жасыл экономика: тұрақты дамудың жаңа моделі» панельдік сессиясы өтеді

Астана Экономикалық форумының алғашқы күні «Жасыл экономика: тұрақты дамудың жаңа моделі» атты панельдік сессия өтеді.

Соның шеңберінде халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығының тұсауы кесілмек. Бұл жөнінде «Сұхбат» бағдарламасына қатысқан Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов айтты. Естеріңізге салайық, Елбасы ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған мұра мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, осындай орталық құруды тапсырған еді. Бұдан басқа панельдік сессия өткен күні Азия мен Еуропаның осы бағыттағы инновациялық серіктестігін нығайту, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық дамуды ұштастыру мәселелері қаралады.

Елдос Абақанов, ҚР Экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары:

– Біршама меморандумдарға қол қойылады. Біршама мәселе талқыланады. Негізгі мәселелердің бірі бұған дейін айтылған бизнесті «жасыл технологияларды» қолданғанда қандай кедергілер мен қандай стимулдар бар. Әрине, әлемде қалай жасалып жатыр, бізде қалай соның бәрін ескеру керек. Себебі экология дамығанда ол экономикаға тікелей байланысты болмақ.