АЭФ қонақтарының бірі – Джонатан Вотцель

Астана экономикалық форумына Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің директоры Цзинь Лицюнь мен Mckinsey ғаламдық зерттеу институтының басшысы Джонатан Вотцель келеді.

Алғашқысы Бейжің шетелдік зерттеулер университетінің түлегі. 2003-2008 жылдары Азия даму банкі президентінің орынбасары қызметін атқарып, Оңтүстік, Орталық және Батыс Азия елдеріндегі бағдарламалардың орындалуына жауап берді. Ал екінші спикер Джонатан Вотцель Mckinsey жобасын 40-тан аса елде жүзеге асырып, оны дамытуға күш салып жүр. Ол бүгінге дейін экономикалық даму бағытында 60-қа жуық жобаны жүзеге асырды. Екеуі де Астана экономикалық форумының «Бірыңғай экономика әлемі» сессиясына қатысады.