АЭФ: Қатысушыларды тіркеу жалғасып жатыр

Астана экономикалық форумына 5 мыңға жуық адам тіркелді.

Айтулы шараға қатысушыларды тіркеу форум аяқталғанша ашық болады. «Бұл жайт – биылғы басқосудың тағы бір ерекшелігі», – дейді Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов. Ол Үкімет үйінде өткен брифингте жиынға дайындық барысын баяндады. Естеріңізге сала кетейік, Астана экономикалық форумына әлемнің 30 елінен 500-ге жуық спикер қатыспақ.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

– Форумға қатысатын қонақтар ертең келе бастайды. Уақыт кестесі тығыз азаматтар 17 мамыр күні таңертең келеді. Журналистерді тіркеу бойынша орталықтар белгіленіп, қонақүйлер тізімі нақтыланды. Жалпы шараға қатысушылар мен қала тұрғындары үшін барлық жағдай жасалды.