АЭФ: Мемлекет басшысы ғаламдық түйткілдерді шешу жолдарын атады

Табиғи ресурстарға ие мемлекеттер қазба байлыққа басымдық беруден қалып отыр.

Астана экономикалық форумының алғашқы күнінде форум қатысушылары әлем халқын толғандырған мәселелерді ортаға салған болатын. Шараның екінші күнінде көптің көкейіндегі сұрақтарға сақа сарапшылар жауап іздеуде.

Жаһанды алаңдатқан мәселелер бүгін осымен екінші күн бас қалада талқыланып жатыр. Әлемдегі озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуды көздеген еліміз ғаламдық түйткілдерді шешу жолдарын дөп тапқандай. Бұл іскерлік алаң жер шарындағы шиеленіскен геосаяси жағдайды, климаттық өзгерістерді, лаңкестік қауіп пен көші-қон проблемаларын бір арнаға тоғыстырып, ортақ шешім қабылдауға жол ашады. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық үдерістерді дамытудың 5 бірдей мегатрендін атап көрсетті. Ауқымды жоспарын көрсетті. Елбасы ұсынған мегатренд энергетикалық тапшылықты жоюға жол ашады. Бірақ көптеген мемлекет қазба байлықты тиімді игеруге бет бұруы тиіс. Адамзат баласы қолға алуы тиіс үшінші ауқымды үдеріс азық-түлік өндірісін ұлғайту мен ауызсу мәселесін шешуге бағытталған. Себебі Жер шары тұрғындарының саны 10 миллиардқа жетсе, жағдай күрделене түседі. Мемлекет басшысы айқындаған бесінші мегатренд – ғаламдық еңбек нарығының трансформациясы.

Өнеркәсіптегі кооперациялық ынтымақтастықты тереңдету ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің индустриялық кешендерін инновациялық жаңғыртуда шешуші рөл атқарады. Мүше мемлекеттерде құзыреттілік орталықтарын құру және өнеркәсіптің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Еуразиялық технологиялық платформалар құрылуда.

Авторы: Әсел Тұмашқызы