Kazakh Invest пен Da Vinci Capital компаниялары қор құру туралы келісімге қол қойды

Астана экономикалық форумы аясында бірнеше меморандумға қол қойылды.

Маңызды құжаттар ел экономикасына жаңа инвестициялар тартуға жол ашады.

Бүгін Kazakh Invest ұлттық компаниясы мен Ұлыбританияның Da Vinci Capital компаниясы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша қор құру туралы келісімге қол қойды. Мақсат – агроөнеркәсіп кешені мен жоғары технологияларды инвестиция тарту арқылы дамыту. Осылайша өңдеу секторы мен экспортты арттыру жоспарланып отыр. Kazakh Invest компаниясы мұндай жобаны алғаш қолға алып отырған жоқ. Бұған дейін Ресей мен Украинада сәтті жүзеге асқан болатын.

Алексей Петров, Da Vinci Capital басқарушы әріптесі:

- Агроөнеркәсіп кешен шеңберінде, оның ішінде жоғары технология саласы бойынша Қазақстан қызығушылық білдірген бағыттарды қарастырып жатырмыз. Атап айтсақ, олар азық-түлік өнеркәсібі мен технологиялық сектор.

Дәл қазір Цифрлық мемлекеттік басқарудың тәжірибесі мен сын-тегеуріндері туралы алаң жұмысы басталды. Бүгінде цифрлық революция адам өмірінің барлық салаларына енуде. Өйткені мемлекеттік басқару жүйесі ауқымды өзгерістердің алдында тұр. Жаһандық трендтерден қалыспау үшін мемлекет қай бағытты дамытуы керек? Қазіргі кезде не істеу керек, нені істеуден бас тартуға тура келеді? Осы секілді мәселелер бүкіл әлем бойынша жиі талқыланатын сұрақтардың бірі.

Авторы: Әсел Тұмашқызы