Қазақстан 2022 жылы әлемдік ақпараттық-коммуникациялық технологиялар индексінде 30-орыннан көрінуді көздейді

Қазақстан 2022 жылы әлемдік ақпараттық-коммуникациялық технологиялар индексінде 30-орыннан көрінуді көздейді

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы еліміз 2022 жылға қарай әлемдік ақпараттық-коммуникациялық технологиялар индексінде 30-орыннан көрінуді көздейді.

Бұл мәселелер Астана экономикалық форумында қаузалды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан сандық жүйеге қарқынды түрде көшіп жатыр. Бізде сандық басқарудың жүзеге асырылған бір түрі – «Электрондық үкімет». Egov шеңберінде «Ашық мәліметтер», «Ашық бюджеттер»,  «Ашық диалог» және «Мемлекеттік орган қызметтерінің тиімділігін бағалау» деп аталатын бағыттардан тұратын «Ашық үкімет» модулі қалыптасты. Жалпы 2015-2017 жылдар аралығында электрондық үкіметтің порталында 37 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Енді игілігі мол сандық технологияны барлық салаға енгізу мақсаты тұр.