АЭФ-те онлайн білім алудың артықшылығы талқыға түсті

Үздіксіз білім жетістікке жетудің жолы. Алайда ол газет-журнал, кітап оқумен шектелмеуі тиіс.

Қазіргі әлемде жоғарғы оқу орнын бітірген емес, кәсіби сертификаты бар маман бағалы.  Технология Шапшаң дамыған дәуірде техникалық білім жылдам ескіріп жатыр. Адамдардың орнын роботтар алмастыруда. Келешекте қандай мамандық түрлері сұранысқа ие болмақ? Астана экономикалық форумында бұл мәселе де назардан тыс қалмады. Форумға қатысушылар қазіргі оқыту жүйесі уақыт талабына сай өзгеруі тиіс деген ойларын айтты. Бүгінде әлемде 30 млн жуық адам онлайн-платформа арқылы оқып, білім алады. Бұл жүйе жоғары оқу орнына қарағанда анағұрлым арзан, тиімді және оны тәмамдағандарға әлемге кең жол ашылады. 

Ернұр Рысмағамбетов, «Астана» ХҚО үздіксіз кәсіби даму бюросының басшысы:

- Қазақстанда 26 мыңнан астам азамат корсера арқылы сабақ алады. Біздің ерекшелігіміз, дүниежүзінде сол сабақты алған адамдардың 10-20 пайызы аяғына дейін жетсе Қазақстанда 40-50 пайыз азаматтарымыз сабақ алса, соңына дейін оқып, бітіріп жеткізіп жатыр.