К.Занусси: Бюджеті шағын қысқа метражды фильмдер түсіруге машықтану керек

Астана экономикалық форумының аясында елордадағы бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері шетелдік сарапшылардан дәріс тыңдауға мүмкіндік алды.

Шеберлік саБақтары сан түрлі тақырыпты қамтиды. Ал дәріс оқыған мамандар, әлемге аты әйгілі тұлғалар. Мәселен, танымал  Мэдми компаниясының басқарушы серіктесі Илья Слуцкий астаналық студенттерге  цифрландыру жүйесінің артықшылықтары жайлы әңгімеледі. Оның айтуынша, заманауи ақпараттық технологиялар еңбек өнімділігін арттырып, аз уақыттың ішінде мол табыс табуға мүмкіндік береді. Сондықтан роботтандыру мен цифрландырудан қорқудың қажеті жоқ. Ал осындай ерекше дәрістерге студенттердің қызығушылығы айрықша. Екі күн бойы семинар сабақтарға қатысқан жастар өмірге азық болатын ақпарат жинапты.

Назерке Мұратова, студент:

- Осы лекциядан көп жаңа нәрсе үйренуге болады. Көп жаңа заттарды білдім. Мысалы, болашақта адамдарға өзіңді қалай көрсету керек, қалай адамдармен сөйлесу керек. Әрі жаңағы стартаптарыңның болашағы үшін кімдермен сөйлесуің керек. Қайдан ақша алу керексің. Қалай ол ақшаны болашақта қолдану керектігін де үйретеді да мысалға. Ал оған дейін Будканның лекцияларында болдым. Қазір бара жатырмын екінші лекцияға, тақырыбы: әлемнің глобализациясы, экономикалық глобализация туралы.

Кшиштоф Занусси, кинорежиссер /Польша/:

- Менің жасым 80-ге таяды. Сондықтан студенттерге айтарым өте көп. Мен кино саласының маманы болғаннан кейін жастарға жеткізер бір нәрсе – ол әңгімелей білу өнері. Кино, роман, медиа саласы секілді адам өмірін суреттеп беретін сондай бір өнер бар. Осыдан да табыс табуға болады. Ал кино саласына келетін болсақ Қазақстанға қысқа метражды, қыруар қаражатты талап етпейтін шағын туындыларды көптеп өндіру қажет.