Әлемдегі трендтер өмірдің қаншалықты тез өзгеріп жатқандығын көрсетеді

Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық үдерістерді дамытудағы 5 мегатрендты атап өтті.

Қаржы нарығының халықаралық сарапшылары мен экономистері Елбасы тілге тиек еткен трендтердің маңыздылығына назар аударып, олардың жаһандық стратегиялық сипатқа ие екенін айтты.

Алексей Кафтан, экономист:

- Аталған 5 трендтің әрқайсысының орны бөлек. Олар қазіргі таңдағы жаһандық үдеріс бейнесін айшықтайды. Осыны нақты түсіну керек.  Баламалы әрі экологиялық таза қуат көздерін көбейтуден бастап, халық санын ұлғайту қарқынын өзгертуге дейін барлығы бір сөзбен айтқанда бүкіл әлемнің қазіргі таңдағы мәселелерін толығымен көрсетеді.

Андрей Блинов, экономика сарапшысы, халықаралық қаржыгер:

- Астана экономикалық форумы кезінде Қазақстан Президенті әлем алдындағы 5 нақты мәселеге тоқталды. Бұл жаһандық трендтер XXI ғасырдың қалай тез өзгеріп жатқанын көрсетеді. Барлық саланы цифрландыру, урбанизация арқылы ірі қалаларды дамыту және жаһандық еңбек нарығын роботтандыру. Осының бәрі Қазақстанның қазіргі экономикасын реттеуде және жарқын болашағын жоспарлауы үшін өте маңызды. 2050 жылға қарай ірі қалалардың әлем экономикасында алатын орны ерекше болатыны да талқыға түсті. Айта кету керек, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әлем үздіктері қатарына қосылуына барлық негіз бар деп есептеймін.