360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабиб UFC белбеуімен үйге ұшып келеді - Нурмагомедовтың әкесі

  • 32
  • UPD: 16:50, 08.10.2018
Хабиб UFC белбеуімен үйге ұшып келеді - Нурмагомедовтың әкесі © Sportbox

Ресейлік октогоннан белбеусіз шыққан болатын.

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов ресейлік UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды жеңгеннен кейін үйіне ұшып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Р-Спорт-қа сілтеме жасап.

«Хабиб үйге ұшып келеді, белбеуі өзінде, 11 сағаттан соң Мәскеуде болады, ол жерден Махачкалаға ұшып келеді», - дейді бапкер.

Еске салайық, өткен жексенбіде Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғап қалды. Осыдан кейін ол октогон сыртына шығып кетіп, ирландиялықтың досына тап берді. Ал мұның арты жапай төбелеске ұласты. Сонымен қоса, ресейліктің секунданттары МакГрегорге шабуылдаған. 

Хабар 24 телеарнасы