379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

  • 46
Алматыда ұлттық спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

Компьютер дамыған заманда жастар мен жасөспірімдерді атқа мінгізу қиын.

Ұлттық спорт түрлеріне өріс ашу үшін жақсы жарнама мен насихат керек. Жергілікті жерлерден бастап, Республика көлемінде жиі жарыстар ұйымдастырып, қатысушыларды көптеп тартқан дұрыс. Қазір осы салаға жауапты мамандар ереже мен жарыс өткізуді бір ізге салып, тұрақты ел біріншіліктерін өткізе бастады. Биыл жастар арасында тұңғыш рет көкпар мен аударыспақтан және жамбы ату, теңге ілуден Алматыда Азия чемпионаты өтеді. Алайда ұлттық ат спортында шешімін күткен мәселелер жетерлік. Мысалы, еліміздегі спорт мектептерінде шабандоздар 21 жасқа дейін ғана шеберліктерін шыңдай алады. Яғни жас ерекшелігі шектеулі болғандықтан, көбі кейін спортты тастап кетеді. «Сондықтан әрбір облыс орталығында ұлттық ат спорты клубтарын ашу керек», – дейді мамандар. Қазір Қазақстанның көп аймағында арнайы клубтар жоқ. Атбегілерді алаңдатқан мәселенің бірі – атшабарлардың жағдайы. Елімізде белгілі қалыпқа сай келетін атшабарлар жоқ. Тек елордадағы ипподром ғана талапқа сай келеді. Бірақ ат байлайтын орындар мен су мәселесі шешілмеген.

Нұркен Байбөриев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары:

– Стандартты түрде атшабарлар жұмыс істеуі керек. Яғни спорттық аттар сол жерде бапталуы керек. Әлемдік стандарт атшабарларға бар баяғыдан келе жатқан. Мына Ресейде, Еуропа мемлекеттерінде түбейгейлі стандартты ипподромдарда жұмыс істеп жатыр. Бізде өкінішке орай, көкпар алаңы мен бәйге өтетін алаңды жалпы ашық далада жасап сонымен шектеліп жатырмыз. Ал жаңағыдай стандартты атшабарлар салынып жатса, әрине көптеп спортшыларды оқушыларды, жастарды, жасөспірімдерді тартуға болады.

Хабар 24 телеарнасы