Елордада VIII веломаусым басталды

Бүгін елордада веломаусым басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Astana Bike» жобасы биыл салыстырмалы түрде ерте іске қосылды. Оның қызметін әзірге Есіл ауданының тұрғындары ғана қолдана алады. Бұнда 62 станция орнатылды. Қолданысқа берілген велосипедттер саны – 400. Сәуірдің соңында қаланың барлық бұрышындағы арнайы тұрақтар ашылады. Басы-қасында жүрген мамандар қатынастың бұл түрі,үлкен сұранысқа ие екенін айтады. Қазір велосипедтің 14 мыңнан аса тұрақты қолданушысы бар.

Николай Антипов, «CTS» ЖШС департамент директоры:

- Біз әр маусым сайын өзіндік қорытынды жасап, велобекеттерді барынша тиімді қолдануға тырысамыз. Мәселен, өткен жылғы көрсеткіштерді сараптай келе, сұранысы аз тұрақтарды алып тастадық. Есесіне велоспидті өте көп қолданатын жерлерде тұрақтар мен қатынас құралының санын арттырып жатырмыз.