Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы артады

Үкімет басшысы Асқар Мамин Беларусь премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп, фармацевтика мен денсаулық сақтау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті. Жыл басынан бері екі ел арасындағы алыс-беріс көлемі 175 млн доллардан асқан. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырсақ, бұл 12 процент жоғары. Тараптар екіжақты тауар айналымын әлі де жақсартуды жоспарлап отыр.