Елімізде биыл тоғыз айда 2 миллион доллардың өнімін экспортталды

Ал пандемияға дейін еліміздің экспорттаушылары жыл сайын 8 миллион АҚШ долларына тауар сататын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған қарамастан соңғы тоғыз айда «Kazakh Export» сақтандыру компаниясы шет елге өңделген тауар экспорттайтын 69 кәсіпорынға қолдау көрсетті. Көмектің жалпы сомасы 105 миллиард теңгеден асады. Осы арқылы «Бәйтерек» холдингіне кіретін ұлттық компания отандық кәтіпкерлерге қаржылық сақтандыру және қаржылық емес қолдау көрсетіп келеді.

«Kazakh Export» сақтандыру компаниясынан қолдау алып, ісін өрге домалатып отырған кәсіпорынның бірі Алматыдағы кәбілдік құбыр шығаратын мына зауыт. Өндірген өнімінің 70 процентін Германия, Ұлыбритания, Франция, Украина, Нигерия және ТМД елдеріне экспорттайды. Биыл тоғыз айда 2 миллион доллардың өнімін экспорттады. Шет елдермен сауда жасауда Kazakh Export-тың көмегі көп болғанын айтады

Максим Югай, «Жоғары берік кәбілдік құбырлар зауыты» ЖШС директоры:

– Шет елдік сатып алушылармен келіссөздер кезінде кеңес беріп, құжаттарды рәсімдеуге бастан аяқ көмектесті. Бұл өзге нарыққа енді шығып жатқан экпортерлер үшін үлкен қолдау. Кәсіпорындар көбіне тауарды жеткізу, алдын-ала төлем жасау кезінде айналымдағы қаржысы жетпей қиналады. «KazakhExport-тың» бағдарламалары осыны оңтайландыруға арналған.

«KazakhExport» қоржынында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың 17 түрлі бағыты бар. Былтыр компания 92 экспорттаушыға 134,6 миллиард теңге көлемінде қабылданған сақтандыру сомасына кепіл ретінде қолдау көрсетті.

Арман Шамшин «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ басқарушы директоры:

– Халықаралық нарыққа шығуды көздеп отырған шикізаттық емес тауар өндіретін кез-келген кәсіпорын пайдалана алады. Сонымен бірге өз бизнесін жағымсыз тәуекелдерден қорғай алады. Биыл үкімет «KazakhExport» экспорттық қолдау бойынша 10 жылдың 100 млрд 200 млн теңге сомасына мемлекеттік кепілдік берді.

Айта кетейік, экспорттаушыларды қолдау «Бәйтерек» холдингіне еншілес «Қазақстан даму банкі», «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының желісі бойынша да жүзеге асырылады.

Авторлар: Талғатбек Әбдіқожа Наурыз Базаров