Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің азаматтары Қазақстан банктерінен 120 млрд теңге несие алған.
Олардың қатарында жеке тұлғалар ғана емес, бизнес өкілдері де бар. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Сергей Карплюк айтты. Оның айтуынша бұған дейін одаққа кірген елдердің қаржылық ұйымдарында несие тарихы туралы мәлімет алмасу мүмкіндігі болмаған. Сондықтан арнайы келісімді ратификациялау ұсынылып, Сенат бұл заңды мақұлдады. Бұл заң жобасы мәлімет алмасу тетігін, тәртібі мен шарттарын айқындайды. Одаққа мүше мемлекеттердің резиденттеріне несие беру кезінде тәуекелдерді сапалы бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, одақ аясында трансшекаралық кредит беруді дамытуға ықпал етеді.
Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
- Жалпы 1869 жеке тұлға ЕАЭС елдерінің резиденттері біздің Қазақстанда кредит алды. Біз осы соглашениені мақұлдаған соң сол одақтың сапалы кредит нарығын құруға бағытталған. Мен ойлаймын ондай массовый выдача кредита болмайды. Ондай тәуекел жоқ. Біздің қазақстандық банктер влюбом случаи заемщиктің қаржы жағдайын қарап қаржы жағы дұрыс болса сонда ғана кредит береді.
Отводка: Келісім мүше мемлекеттердің қаржы нарығын реттейтін органдардың өкілеттіктерін айқындайды. Несие тарихына қатысты мәліметтерді біздің елден тек екі отандық несие бюросы ғана бере алады. Айта кету керек, қазіргі күнге дейін қанша қазақстандықтың шетел банктерінен несие алғаны және көлемі туралы ақпар жоқ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай санақ жүргізбеген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мұндай ауқымды келісім жасалып отырған соң статистика жүргізілуі тиіс. Қанша Қазақстан азаматы мен ұйымдар шетелден несие алды? Қазақстандықтардың өзге елдердің несиелік ұйымдарына қанша қарыз екенін біліп отыруымыз керек. Алдағы уақытта бұл ақпарат алынуы тиіс. Бұл мәліметтерді алдағы уақытта жұмыс барысында пайдаланатын боламыз.
