Әкем Жағыпаров Әмірхан 1908 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы аттанып, атқыштар бөлімінде жаумен айқасады. 1943 жылы оң аяғына оқ тиіп, аяғынан айырылады. «Үздік барлаушы» жұлдызшасы, I және II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ көптеген марапатқа ие болған. 1979 жылы қайтыс болды.