Әбенов Рақымбек Әбенұлы 1925 жылы Баянауыл өңірі қазіргі Комсомол совхозының Қарайғыр жерінде дүниеге келген. Бақытты балалық шағы табиғаты сұлу өлкеде өтеді. Екібастұз ауданы, Әулиелі Ақкөл ауылына көшіп келген кезде ауылдың іргетасы жаңа қаланған кез болатын. Мектепте білім алғаннан кейін еңбекке ерте араласып, ауылда тракторшы болып істейді. Азамат тарихына қасірет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде ардагер не бәрі 16 жаста болатын. Еңбекпен қабырғасы қатайған, ерте есейген Рақымбек Әбенұлы 1942 жылдың наурыз айында әскерге алынды. Петропавл қаласында дайындық бөлімшесінде болып, «ТЕХДОТО» және жаяу әскердің Украина майданына соғысқа аттанды. 162-атқыштар полкінде Киевтің бірнеше қаласын азат етуге қатысқан. Смолинский, Таги, Тамбов, Рига, Житомир және батысқа қарай Днепрде болған. Калининград, Қара теңіз жағалауымен Венгрия, Будапешті жау қолынан азат етуге қатысты. Атыстардың бірінде төбеден жауған «Мысыр» ұшағының оғы ардагерді жаралайды. Аяқтан жараланған Рақымбек Әбенұлы Орел, Нововилка, Саратов, Ақтөбе қалаларында емделіп, 1944 жылы наурыз айында ІІ топ мүгедегі болып елге оралды. Соғыста ерлік пен өрліктің хас үлгісін көрсеткен майдангер – 2 орден мен 7 медаль иегері. Сұрапыл соғыстың ызғарын сезінген ержүрек ардагердің жұбайы Ақасова Рахия қиындықты бірге жеңді. Алты бала тәрбиелеп, білім беріп, аяққа тұрғызды. Биыл Әулиелі Ақкөл ауылына 80 жыл толғалы отыр. Осы ауылдың өсіп, көркеюіне Әбенов Рақымбек Әбенұлының еңбегі ерекше. Туған жерін көркейтуде жасаған еңбегі еш кетпейді. «Социалистік еңбек ері» және «Ерен еңбегі» медальдарымен марапатталып, ерекше ықыласқа бөленді. Қарт майдангер 2003 жылы 78 жасында өмірден озды. Тірі болса, 90 жасқа толушы еді. Ардагердің ұрпақтары Қазақстанның әр аймағында тұрып жатқанымен, әр жыл сайын 9 мамыр күні жұмған жұдырықтай орталық алаңға шығып, ата-апаларын еске алады.