Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек

фото: inpress.ua

Бұл туралы Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағын зор деп атап өтті. Қазақстан көптеген позиция бойынша әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі. Экологиялық таза тағамдар қазірде «Made in Kazakhstan» брендін қалыптастырды. Астық өнімдері бойынша біздің ел Еуразияд «нан кәрзеңкесі» болуы қажеттігін баса айтты. Яғни шикізат өндірісінен сапалы өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті боламыз. Осы мақсатта Елбасы Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма жүктеді. Аталған міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажеттігін тапсырды.