Елбасы жолдауы агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін жаңа мүмкіндік

Елбасы жолдауы агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін жаңа мүмкіндік.

Ақмола облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері осындай пікірде. Отандық кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жоспар Көкшетаудағы қалалық сүт зауытында талқыланды. Бұл кәсіпорын нарықта 20 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Қазір 30-дан астам өнім шығарып отыр. Әсіресе, сары май мен балмұздаққа сұраныс жоғары. Кәсіпорын ұжымы Мемлекет басшысының қолдауы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға тың серпін беретініне сенімді.

Асен Жақсылықов, Көкшетау қалалық сүт зауытының директоры:

- Бұл мемлекеттік қолдаулар біз үшін үлкен демеу болмақ. Кәсіпкерлікті дамыту үшін агроөнеркәсіп кешені төңірегінде жаңа бағдарламалар қарастырылып отыр. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Бастысы, барынша еңбектеніп, мол өнім беру қажет. Экспорт әлеуетін арттыру үшін арнайы мемлекеттік жобалар бар. Қазір біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.