Мәжіліс депутаттары маңғыстаулық студенттермен кездесті

«Елбасы Жолдауда нұсқаған барлық басымдықтардың жастарға да қатысы бар».

Маңғыстаулық студенттермен жүздескен халық қалаулылары жастарға артылар жауапкершілік аз еместігін атап өтті. Мәжіліс депутаттары өскелең ұрпақты тарихи құжатта көрсетілген тапсырмаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы қоғам өміріне заманауи технология енгізуден тұрады. Бұл тұрғыда Ақтау мемлекеттік университеті өзгелерден көш ілгері келеді. Іргелі оқу орны екі бірдей соңғы үлгідегі жаттығу кешендерімен жарақтанған. «Кеме басқару» және «Машина бөлімі» деп аталатын көпфункциялы құрылғылар мамандарды жаһандық теңіз ұйымы талаптарына сай даярлайды. Құны 536 мың АҚШ долларына тең кешенді голландиялық компания тарту еткен.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Дүниежүзілік технологияны игеруіміз керек. Меңгеруіміз керек. Біз бүгін университет студенттеріне әдейі келіп отырмыз. Өткені бұл технологиялық университет және бұл технологияның ескісін оқымау керек, жаңасын игеру керек.